«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС кәсіподақ ұйымы
Қазіргі заманғы кәсіптік одақ қозғалысы еңбекшілердің жұмыс орны, еңбегіне сай жалақы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және әлеуметтік кепілдіктерге деген құқықтарын қорғайтыны белгілі. Кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділері – уақыты мен күш-жігерін аямай, еңбек адамының мүддесін қорғап жүрген жандар.
2019 жылғы 10 қазаннан бастап Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Кәсіподақтар күні атап өтіле бастады. Ел алдында тұрған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру – азаматтық қоғамның басты тірегінің бірі саналатын кәсіподақ үшін де маңызды міндет. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған әлеуметтік реформалары кәсіподақтың негізгі құндылықтарымен үндесіп, кәсіподақ қызметін одан әрі жаңғыртуға және Еңбек адамын қорғау тиімділігін арттыруға серпін беруде. Бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымы 2 миллионнан астам қазақстандықтың басын біріктіріп отыр.Біздің кәсіпорында да табысты жұмыс істеп келе жатқан кәсіподақ ұйымы төрағасы міндетін 2015 жылдан бері Еламанов Серік Жолжанұлы атқаруда.
Кәсіподақ ұйымы еңбек адамдарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ауқымды әрі маңызды жұмыстар жүргізеді. «ЖЭЖ» ЖШС-нің барлық құрылымдық бөлімдерінде цех кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді, барлық қызметкерлер кәсіподақ мүшесі болып табылады және әр қызметтік бөлімде цех комитеттері қызмет атқарады.
Жыл сайын 10-қазанда «ЖЭЖ» ЖШС әкімшілік-өндірістік базасының Мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнін мерекелеу аясында салтанатты жиын өтеді. Оған кәсіпорын басшылары, құрылымдық бөлім басшылары, кәсіподақ комитетінің, келісім комиссиясының мүшелері мен кәсіподақ белсенділері қатысады. Жиында кәсіпорын басшылығы жиналғандарды Қазақстан кәсіподақтары күнімен құттықтап, кәсіподақтың қоғамдағы ролі туралы сөз қозғап, белсенді мүшелер Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталады. Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптес ретінде ұжымдық шартта қабылданған барлық міндеттемелерді бірлесе орындайды.
Еңбек қауіпсіздігі мәселесі – кәсіпорын мен кәсіподақ үшін ең басты басымдық. Еңбеккердің таңертең жұмысқа аман барып, кешке отбасына аман-есен оралуы – басты назарда.
Жұмыс беруші қауіпсіз және қалыпты еңбек жағдайларын бақылауды күшейту мақсатында айына бір рет Кәсіподақ өкілдері мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қатысуымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күнін» өткізеді.
Жыл сайын әкімшілік пен кәсіподақ арасында еңбек жағдайын жақсарту мақсатында қомақты қаржылай қаражат жұмсау қарастырылған Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі келісім жасалады. Барлық қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылған.
Әлеуметтік әріптестер — Жұмыс беруші мен Кәсіподақ жалақыны арттыру, индексациялау және басқа да әлеуметтік жеңілдіктер енгізу мәселелерін Ұжымдық шартты қабылдау кезінде қарастырады.
Жұмыскерлердің мүдделерін қорғауда Ұжымдық шартқа басты роль жүктеледі. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын кезең-кезеңімен жақсартуға мүмкіндік беретін бұл маңызды құжат әр қабылданған сайын толықтырылып отырады. Кәсіпорынның Ұжымдық шарты Республикалық «Парыз» конкурсына «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша қатысып, Конкурс лауреаты атанғанын атап өтуге лайық.
Кәсіподақ ұйымы кәсіпорын әкімшілігімен тығыз қарым-қатынаста және жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Жыл сайын жалақы мөлшері көтеріліп отыруына кәсіподақ ұйымының да қосқан өзіндік үлесі бар. Кәсіподақ комитеті «Наурыз мейрамы», «Энергетиктер күні», 8-наурыз, Тәуелсіздік күні және ҚР Кәсіподақтар күніне арналған мәдени-көпшілік пен спорттық шараларды өткізуге қаражат бөледі. Сонымен қатар, Жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға, балалар мен немерелерге арналған шырша тойын ұйымдастыруға да қаражат қарастырылған.
Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мекеме қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында сурет байқауы және драма театрға ертегі тамашалауға саяхат ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ал өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталады.
Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық ауызашар ұйымдастырылады. Жыл сайын 100-ден астам қызметкер отбасымен бірге Ыстықкөл жағалауында демалып, Рамазан айы қарсаңында Түркістан қаласына және киелі орындарға экскурсия ұйымдастырылады.
Әлеуметтік осал топтағы қызметкерлерге (жалғызбасты ана, жесір, тұл жетім) және көпбалалы отбасыларға Оқу жылының басталар кезінде бала санына байланысты 10 және 20 АЕК көлемінде қайырымдылық көмек беріледі. Кәсіподақ комитеті Қазақстан санаторияларына берілген жолдама құнының 20 АЕК мөлшерін және балалар лагеріне берілетін жолдама құнының кемінде 50%-ын өтейді. Жыл сайын «Энергетиктер күні» мерекесіне орай осы салада 25 жыл еңбек еткен қызметкерлерге «ЖЭЖ» ЖШС Еңбек ардагері» атағы мен ақшалай сыйақы беріледі. Қаражатқа шұғыл мұқтаждық туындаған кәсіподақ мүшелеріне 15 АЕК-ке дейін көмек көрсетіледі.
«ЖЭЖ» ЖШС-нің балалар футбол мектебі жұмыс істейді. Кәсіподақ бастамасымен салынған алаңда кәсіпорын қызметкерлерінің балалары мен немерелері, сондай-ақ Тараз қаласының аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар тегін жаттығады.
Әлеуметтік кепілдіктер
Кәсіпорын қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі – қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.
Жұмыс беруші қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға бақылауды күшейту мақсатында айына бір рет тұрақты түрде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қатысуымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күнін»өткізеді.
Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестер болып табылады, бұл ұжымдық шартты жасасумен расталады.
Ұжымдық шартпен көзделген:
- Еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі келісім (2024 жылға арналған келісім – 248,0 млн.теңге).
- Барлық қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылған.
- Қызметкер өндіріс орнында қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған адамның отбасы жұмыс беруші есебінен 162 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы алады. Өндірістік жарақаттан кейін жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірген қызметкер жұмысқа орналастырылады.
- Еңбек жарақатын алған жағдайда, еңбекке жарамсыздық басталған бірінші күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін орташа жалақының 100% мөлшеріндеә леуметтік жәрдемақы төленеді. Мұндай қызметкерлерге әкімшілік пен кәсіподақ комитеті тарапынан материалдық көмек көрсетіледі.
- Қызметкер немесе мекемеден еңбек демалысына шыққан зейнеткер, олардың жақын туыстары қайтыс болған жағдайда 28 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.
- Жыл сайын 100 адам емдеу-сауықтыру орталығында 9,0 млн.теңге сомасына жеңілдікті жолдама бойынша сауықтырудан өтеді, зейнеткерлерге жолдама тегін беріледі.
- 1-қазан «Қарттар күніне» орай жұмыс беруші тарапынан еңбек демалысындағы ардагерлерді көтермелеуге шамамен 4,0 млн.теңге бөлінеді.
- Қызметкер зейнет жасына толуына байланысты жұмыстан босатылған кезде 28 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы және бағалы сыйлық бөлінеді.
- Жұмыскерлер 50, 60, 70 жасқа толуына орай кәсіпорындағы жұмыс өтіліне байланысты 25 АЕК-ке дейінгі мөлшерде ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
- Жұмыскерлерді жұмыс орнына жеткізу және кері қайту үшін автокөлік беріледі.
- Әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын қызметкерлерге (жалғызбасты ана, жесір), сондай-ақ көпбалалы отбасыларға оқу жылы басында бала санына қарай кәсіподақ комитетінен 10 және 20 АЕК мөлшерінде қайырымдылық көмек бөлінеді.
- Қазақстан санаторийлеріне алынған жолдама құнының 20 АЕК мөлшерін кәсіподақ комитеті өтейді.
- Кәсіподақ комитеті жұмыскерлердің балаларына берілген балалар сауықтыру лагері жолдамасы құнының кемінде 50% өтейді.
- Кәсіпорынға қажетті мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында, колледждерде оқитын қызметкерлерге емтихан, мемлекеттік емтихан тапсыру, сондай-ақ дипломдық жобаны дайындау және қорғау кезеңіне шақыру анықтамасына сәйкес қосымша ақы төленетін демалыс беріледі.
- Жыл сайын 20 қызметкердің суреті жыл қорытындысы бойынша Құрмет тақтасына ілініп, бір АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
- Жыл сайын «Энергетиктер күніне» орай энергетика саласында 25 жыл жұмыс істеген қызметкерлерге«ЖЭЖ» ЖШС еңбек ардагері» атағы беріліп, кәсіподақ комитетінен ақшалай сыйақы алады.
- 8-наурызда әйелдерге ақшалай сыйлық беріледі.
- «Энергетиктер күні» кәсіби мерекесіне орай жыл қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен 300-ге жуық қызметкер Құрмет грамоталарымен марапатталады. ТМД, ҚР Еңбек сіңірген және құрметті энергетигі атақтары беріледі және ақшалай сыйақымен көтермеленеді. Барлық қызметкерлерге «Энергетиктер күніне» байланыстыбір лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақы бөлінеді.
- Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті «Наурыз мейрамы», «Энергетиктер күні» кәсіби мерекесі, 8-наурыз, Тәуелсіздік күні және ҚР кәсіподақтар күніне орай мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге ақшалай қаражат бөледі.
- Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті тарапынан барлық кәсіподақ мүшелеріне жаңа жылдық сыйлық сатып алуға ақшалай қаражат бөлінеді, қызметкерлердің балалары мен немерелері үшін балаларға арналған шырша мерекесі ұйымдастырылады.
- Ауған соғысына қатысқан қызметкерлерге жыл сайын әскерлердіңАДР аумағынан шығарылған күні, сондай-ақ 9-мамыр мерекесіне орай ақшалай сыйақы бөлінеді. Кәсіподақ комитетінің мүшелерімен бірлесіп «Жеңіс» саябағындағы ауған жауынгерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысады.
- Материалдық қызығушылық пен еңбек сапасына жауапкершілікті күшейту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан ауыспалы бөлік төлемі жүргізіледі.
- Қаражатқа шұғыл мұқтаждық туындаған кәсіподақ мүшелеріне 15 АЕК-ке дейін көмек көрсетіледі.
- Тыл еңбеккерлеріне Жеңіс күніне орай ақшалай сыйақы және азық-түлік жиынтығы, сондай-ақ ҰОС қатысушыларына теңестірілген қызметкерлерге ақшалай сыйақы беріледі.
- Қызметкерлер үшін кәсіпорынның асханасында кәсіпорыннан дотацияланатын ыстық тамақ ұйымдастырылды, қызметкерлердің арнайы киімдерін жууға арналған кір жуатын орын жабдықталған.
Жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен тұрмысын жақсарту үшін Тараз қалалық электр жүйесінің жөндеу-өндірістік базасында, аудандық электр жүйелері мен 110кВ және одан жоғары тораптық қосалқы станцияларда ғимараттарды жылытуға арналған газ қазандықтары орнатылып, су құбыры жүргізілді, жылы дәретханалар салынды, пластикалық терезелер орнатылып, ғимараттар мен құрылыстарға жөндеу жүргізілді.
«ЖЭЖ» ЖШС әкімшілік-өндірістік базасы өндірістік қызметтерінің ғимараттарында жылыту жүйесі ауыстырылып, пластикалық терезелер орнатылды, Ғимараттар мен үҮй-жайлар жөнделіп, қосымша кондиционерлер орнатылды. Орталық қызмет персоналы іссапарға барғанда жағдайларын жасау үшін бригадалық автомашина вагондары мен кабиналары жөнделді.
Жыл сайын «Балаларды қорғау күніне» орай кәсіподақ комитеті қызметкерлердің балалары мен немерелері арасында балалар суреті байқауын, балалардың ертегілерді көру үшін драма театрына баруын ұйымдастырады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қалған қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары табысталады.
Қасиетті Рамазан айы құрметіне барлық бөлімдерге қайырымдылық түскі асқа ақшалай қаражат бөлінеді.
Жыл сайын 100-ден астам қызметкердің отбасы мүшелеріне Ыстықкөлде сауығып қайтуға мүмкіндік жасалады. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Түркістан қаласына және киелі орындарға экскурсия ұйымдастырылады.
«ЖЭЖ» ЖШС-нің балалар футбол мектебі жұмыс істейді, онда кәсіподақ бастамасымен салынған алаңда кәсіпорын қызметкерлерінің балалары мен немерелері, сондай-ақ Тараз қаласының аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар жаттығады.
«ЖЭЖ» ЖШС ұжымдық шарты «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз» республикалық конкурсының қатысушысы және конкурс лауреаты болып табылады. Ұжымдық шарт талаптары орындалуда.

