Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
ЖЭЖ
«Энергия әр үйге, әрқашан»
109
109 Единая дежурно-диспетчерская служба
+7 (7262) 55-52-69 Call-орталық (Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма, 08: 00-ден 17: 00-ге дейін)
+7 (7262) 43-32-14 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
+7 (7262) 43-16-09 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
+7 (7262) 90-10-84 Кеңсе
Компания туралы
  • Компания бүгін
  • Даму стратегиясы
  • Компания тарихы
  • АЭЖ
  • Өндірістік қызметтер
  • Деректеме
  • Лицензиялар
  • Бос жұмыс орындары
Құжаттар
Жаңалық
Тұтынушыларға
Байланыс
ЖЭЖ
«Энергия әр үйге, әрқашан»
  • Әлеуметтік жауапкершілік
  • Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу
  • Ресми ақпарат
  • ...
    109
    109 Единая дежурно-диспетчерская служба
    +7 (7262) 55-52-69 Call-орталық (Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма, 08: 00-ден 17: 00-ге дейін)
    +7 (7262) 43-32-14 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
    +7 (7262) 43-16-09 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
    +7 (7262) 90-10-84 Кеңсе
    Компания туралы
    • Компания бүгін
    • Даму стратегиясы
    • Компания тарихы
    • АЭЖ
    • Өндірістік қызметтер
    • Деректеме
    • Лицензиялар
    • Бос жұмыс орындары
    Құжаттар
    Жаңалық
    Тұтынушыларға
    Байланыс
      RU | KZ
      ЖЭЖ
      109
      109 Единая дежурно-диспетчерская служба
      +7 (7262) 55-52-69 Call-орталық (Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма, 08: 00-ден 17: 00-ге дейін)
      +7 (7262) 43-32-14 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
      +7 (7262) 43-16-09 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
      +7 (7262) 90-10-84 Кеңсе
      RU | KZ
      ЖЭЖ
      Телефоны
      109 Единая дежурно-диспетчерская служба
      +7 (7262) 55-52-69 Call-орталық (Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма, 08: 00-ден 17: 00-ге дейін)
      +7 (7262) 43-32-14 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
      +7 (7262) 43-16-09 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
      +7 (7262) 90-10-84 Кеңсе
      E-mail
      admin@zhambylenergo.kz
      Адрес
      080000, Тараз қаласы, Махамбет көшесі, 11А
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 8:00 до 17:00
      ЖЭЖ
      RU | KZ
      • Компания туралы
        • Компания туралы
        • Компания бүгін
        • Даму стратегиясы
        • Компания тарихы
        • АЭЖ
        • Өндірістік қызметтер
        • Деректеме
        • Лицензиялар
        • Бос жұмыс орындары
      • Құжаттар
      • Жаңалық
      • Тұтынушыларға
      • Байланыс
      • 109 Единая дежурно-диспетчерская служба
        • Телефоны
        • 109 Единая дежурно-диспетчерская служба
        • +7 (7262) 55-52-69 Call-орталық (Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма, 08: 00-ден 17: 00-ге дейін)
        • +7 (7262) 43-32-14 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
        • +7 (7262) 43-16-09 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
        • +7 (7262) 90-10-84 Кеңсе
      • 080000, Тараз қаласы, Махамбет көшесі, 11А
      • admin@zhambylenergo.kz
      • Пн. – Пт.: с 8:00 до 17:00

      Компания тарихы

      Басты бет
      —
      Компания туралы
      —Компания тарихы

      Жамбыл энергетикасының даму тарихы

      1920
      Кеңестердің Бүкілресейлік VIII съезінде мемлекеттік электрлендіру (ГОЭЛРО) жоспары қабылданды.
      1923

      Жамбыл облысы аумағындағы Әулиеата қаласында, қазіргі Байзақ батыр көшесі мен Төле би даңғылы қиылысында трамвай динамомашинасымен ескі су диірменінің турбинасын айналдыру арқылы алынған энергия жергілікті энергетика тарихының бастауы болды. Машинаның қуаты 300-400 электр шамын жағуға мүмкіндік берді. Алғашқы электр станциясы 280 үйге жарық беріп, электр қуатын қаладағы лимонад цехі, кондитер фабрикасы, қалалық кинотеатр, баспахана, радио үйі, қалалық аурухана тұтынды.

      1926

      Әулиеата қаласы электр станциялары кешенінің бастығы болып Иван Кормушин тағайындалды. Электр қуатын өндіретін жабдықтар көптеп жеткізіліп, электр қуатының кернеуін жоғарылатуға қол жеткізілді.

      1930

      Әулиеата қаласындағы қазіргі Байзақ батыр көшесі мен Төле би даңғылы қиылысында орналасқан электр станциясына 75 ат күші бар «Метеор» дизель генераторы орнатылды.

      1931

      Әулиеата қаласында 87 000 кВт·сағат электр энергиясын өндіру жоспарланып, оның 31% – 27 000 кВт·сағат энергия шығыны, 3 000 кВт·сағат электр энергиясы – өз қажетіне жұмсалып, 57 000 кВт·сағат электр қуаты сатылды.

      1932

      Түрксіб темір жолының салынуына байланысты Шу станциясында дизель электр станциясы іске қосылды.

      1943

      Майданнан жараланып қайтқан Авраам Смородин Жамбыл қаласындағы электр станциясын басқарып, қалыпты жұмыс істеуіне қомақты үлес қосты. Былғары зауыты және Аяқ киім фабрикасының салынуына орай Қапал арығында қуаттылығы 100 кВт·сағат электр қуатын өндіретін су электр станциясының құрылысы басталды.

      1947

      Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде электр энергиясын өндіру жұмысы ерекше қарқынмен дамыды. Облыс аудандарында су электр станцияларын салу жұмысы қолға алынды. Бұрынғы су диірмендері орналасқан жерлер ыңғайластырылып, шағын ГЭС-тер ел игілігіне пайдалануға берілгеннен кейін ағынды шағын өзендер бойына салынған колхозаралық электр станциялары ауыл тұрғындарына жарық бере бастады. Ағын су көздері болмаған елді мекендерде дизель генераторлары орнатылды.

      1949

      Жамбыл қаласындағы электр станциясының қуаты 100 кВт деңгейінен асырылып, Ленин және Пушкин, Октябрь көшелерінің тұрғындары электр жарығымен толық қамтамасыз етілді. Теміржол вокзалының арғы жағы мен қазіргі Байзақ батыр көшесінің теміржол станциясы маңындағы тұрғындарға да жарық берілді. Жамбыл депосындағы дизель электр станциясы Қант зауыты маңындағы үйлерге электр жарығын жеткізді.

      1952

      Жамбыл жүнді алғаш өңдеу фабрикасы мен Суперфосфат зауыты маңында қуатты энергопоездар іске қосылып, Қант зауыты электр станциясынан жалпы ұзындығы 5,5 км болатын 6 кВ әуе желісі тартылып, әрқайсысының қуаты 100 кВА бірнеше 6/0,4 кВ трансформаторлық пунктті пайдалануға беру нәтижесінде өндіріс орнының айналасындағы тұрғындарға жарық берілді.

      1953

      Суперфосфат зауытында қуаты 18 000 кВт болатын жылу турбинасы мен генератор орнатылған № 3-жылу электр станциясы іске қосылып, қала тұрғындарына осы станциядан электр жарығын беру жүзеге асырылды.

      1956

      Қуаттылығы 25 000 кВт/сағ. № 4-жылу электр станциясы іске қосылып, жаңадан іске қосылған Жамбыл былғары аяқ киім комбинатының қалыпты жұмыс істеуі жолға қойылды. Барлық электр қуатын шоғырландырып, өндірілетін энергияны бір арнаға тоғыстыру нәтижесінде – коммуналдық меншіктегі «Қалалық электр станциясы», кейінірек, қарамағында 93 күштік трансформатор, 6 орталық тарату трансформатор кешені бар «Қалалық электр жүйесі» құрылды. Облыс аумағы мен орталығы, өндіріс орындары мен елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз ететін 0,4-6-10 кВ электр торабы 382 км желі бойымен қуат беріп, бір жылда 8,3 миллион кВт/сағат электр қуатын тұтынушыларға жеткізетін «Жамбыл электр тарату мекемесі» құрылды.

      1967

      Жамбыл қаласы маңында жобалық қуаты 1230 мВт мемлекеттік аудандық электр станциясының (ГРЭС) алғашқы кезегі іске қосылды.

      1973

      Жамбыл облыстық электр тарату жүйесі басқармасы – «Жамбыл электр тарату жүйесі мекемесі» болып өзгертілді. Өңірдегі барлық энергия мекемелері Қазақ КСР Энергетика министрлігінің «Оңтүстікқазэнерго» басқармасына тікелей бағынышты болды.

      1976

      Айша бибі ауылының маңында аса ірі «Жамбыл-500 кВ» қосалқы станциясы салынды. 500 кВ электр желісі Бішкек – Алматы, Шымкент – Ташкент қалалары және Қырғызстандағы «Тоқтағұл», Тәжікстандағы «Нүрек» су электр станцияларымен байланыстырылып, Орталық Азиядағы аса ірі электр желісінің шеңбері түйістірілді.

      1977

      Жамбыл қаласындағы электр тарату желілері – «Жамбыл электр тарату жүйесі мекемесінен» бөлініп, қарамағында 167 км жер асты, 133 км жер үсті кабель желісі және 850 км әуе электр желілері бар «Жамбыл қалалық электр тарату мекемесі» құрылды.

      1981

      Теңгеріміне – «Городская», «Новая», «Марина», «Северная», «ПОШ», «Талас» «ЖБИ», «КХП», «Центральная», «Водазабор», «Октябрь», «Сахзавод», «УЖД», «Гипсовая», «Головачёвка», «РК-3», «РК-4», «Амангелді», «Гродеково», «Мелькомбинат», «Пригородная», «Жасөркен» т.б. жалпы қуаты 48,1 МВА-тан асатын қосалқы станциялар кіретін «Жамбыл қалалық электр жүйесі» мен «Жамбыл ауылшаруашылық электр жүйесі» мекемелері қосылды.

      1982

      Қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары басталып, Жамбыл қалалық электр жүйесінің жеке учаскесі – «Жамбылсвет» мекемесі құрылды. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында орналасқан электр нысандары – КСРО Энергетика министрлігіне тікелей қарасты «Оңтүстікқазэнерго» өндірістік бірлестігіне біріктірілді.

      1985

      Кернеуі 35 кВ-тан жоғары 123 ірі және 6/10 кВ 4 000-ға жуық кіші қосалқы станциялар салынып, 15 000 км электр желісі тартылды. Қыстаулар мен жайлауларда отырған малшыларды, қырқын пункттері мен басқа да нысандарды электрлендіру шаралары жүзеге асырылып, облыстағы барлық елді мекендерді электрлендіру толық аяқталды. Жамбылдан Қаратау қаласына дейін – 2 желі және Қаратау қаласынан Жаңатас қаласына дейін кернеуі 220 кВ болатын – 1 әуе желісі тартылды. Қаратау – Ойық – Ұланбел – Құмөзек – Ақбақай бағыты бойынша жалпы ұзындығы 460 км 110 кВ әуе желісі іске қосылды.

      1994

      «Жамбылэнергокомбинат» ААҚ құрылып, бұл кәсіпорын құрамына енген Жамбыл облысындағы 5 энергия кәсіпорыны: Жамбыл ГРЭС-і, «Жамбыл жылу орталығы» және үш электр желілік мекеме – «Оңтүстікқазэнерго» өндірістік бірлестігінен бөлініп шықты.

      1996
      • Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Мойынқұм және Қордай аудандарын қамтыған «Жамбыл шығыс электр жүйесі»;
      • Байзақ, Жуалы, Талас, Сарысу аудандарымен бірге Жаңатас, Қаратау қалаларына қызмет көрсететін «Жамбыл электр жүйесі»; 
      • Тараз қаласы мен Жамбыл ауданына қызмет көрсететін «Жамбыл қалалық электр жүйесі» бірігіп – «Жамбыл электр энергиясын тарату компаниясы» АҚ құрылды. Бұл – қазіргі «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің негізі болды.

      Жамбыл облысы бойынша Жамбыл ГРЭС-і мен кернеуі 220 кВ және одан да жоғары электр желілері   – жаңадан құрылған «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-на берілді.

      Кернеуі 220 кВ-тан төмен электр желілері – аймақтық, облыстық деңгейде жұмыс істейтін болып, бұлардың құрамына қуаты 25 МВА дейінгі қосалқы станциялар енді.

      Облыстағы электр желілері мекемелері жергілікті билікке бағынышты «Жамбыл электр тарату компаниясы» АҚ-на бірікті.

      Жыл соңында облыстың тұтынатын электр энергиясының мөлшері сағатына 150 мВт болды. Химия кәсіпорындары мұның 30 мВт-ын алды. Теміржолшыларға – 40 мВт, тұрғындарға – 50 мВт тиесілі болды. Қалған электр қуатын мектептер, ауруханалар, басқа да бюджеттік және кішігірім кәсіпорындар тұтынды. 

      1999

      «Жамбыл электр тарату компаниясы» АҚ мүліктік кешені негізінде – «Жамбыл электр жүйесі» ЖАҚ құрылды.

      2001

      Мекеменің өз қаражатына алғаш рет шаруашылық тәсілмен жаңадан салынған «Әбдезім-220 кВ» қосалқы станциясының бірінші кезегі пайдалануға берілді.

      2004

      Электр энергиясын өткеру қызметін тасымалдау қызметінен бөліп атқару жүзеге асырылуына орай, тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі – жаңадан құрылған «Жамбыл облыстық электр өткеру», қазіргі «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС мекемесіне жүктелді.

      2006

      «Жамбыл электр жүйесі» ЖАҚ – «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ретінде қайта тіркеуден өтті.

      • Компания бүгін
      • Даму стратегиясы
      • Компания тарихы
      • АЭЖ
      • Өндірістік қызметтер
      • Деректеме
      • Лицензиялар
      • Бос жұмыс орындары
      Компания туралы
      Компания бүгін
      Даму стратегиясы
      Компания тарихы
      АЭЖ
      Өндірістік қызметтер
      Деректеме
      Лицензиялар
      Бос жұмыс орындары
      Әлеуметтік жауапкершілік
      Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу
      Ресми ақпарат
      Тұтынушыларға
      Қызметтер
      Жаңалық
      Құжаттар
      Байланыс
      109
      109 Единая дежурно-диспетчерская служба
      +7 (7262) 55-52-69 Call-орталық (Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма, 08: 00-ден 17: 00-ге дейін)
      +7 (7262) 43-32-14 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
      +7 (7262) 43-16-09 Авариялық қызмет (Тәулік бойы)
      +7 (7262) 90-10-84 Кеңсе
      admin@zhambylenergo.kz
      080000, Тараз қаласы, Махамбет көшесі, 11А
      © 2026 «Жамбыл электр желілері» ЖШС
      Құпиялылық саясаты
      Главная Каталог Акции Контакты Услуги Бренды Новости Сотрудники Отзывы Партнеры Карьера FAQ Компания Проекты Лицензии Документы Реквизиты Блог Обзоры Галерея Цены